Жаңалықтар тізбегі
0

Президенттің келесі аптада қандай іс-шараларға қатысатыны белгілі болды

Президенттің келесі аптадағы жұмыс кестесі белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 13:21 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын Ақорда жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасы:

2 мамыр күні президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-Франция Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қараша айында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

3 мамырда мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.

3-4 мамырда Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді.

Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.

5 мамырда президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді.

Жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: