Жаңалықтар тізбегі
0

Зеленскийге "ақыл айтқан" Анна Башинская депутаттық мандатынан өз еркімен бас тартты

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 18:05 Сурет: Facebook/Анна Башинская
Алматы мәслихатындағы Amanat партиясынан сайланған депутат Анна Башинская өз өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды:

"Өз әрекеттеріммен еліміздің бейбіт саясатына көлеңке түсіргім келмейді. Осы күндері көп нәрсені ой елегінен өткізіп, менің әрекетімді айыптағандардың барлығының нені айтқысы келгенін жақсы түсіндім. Бүгінгі қиын жағдайлар кезіндегі менің сол бір пікірім орынсыз айтылғанын тағы да атап өткім келеді. Осылайша, қоғам алдында жағдайды күрделендіре түскендей болдым".

Осыған байланысты, Анна Башинская атап өткендей, ол "партияның ресми ұстанымын" толығымен құптайды.

"Жеке жауапкершілікті сезіне отырып, мен депутаттық өкілеттігімнен бас тарту туралы шешім қабылдадым. Жіберген қателігім үшін барлық ел азаматтарынан және партия қатарындағы әріптестерімнен шын жүректен кешірім сұраймын. Баршаңызға жақсылық пен бейбітшілік тілеймін", - деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін "Аманат" партиясы мәслихат депутаты Анна Башинскаяның айтқан сөздеріне түсініктеме берген болатын. "Amanat" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров атап өткендей, "Анна Башинскаяның сөзі Amanat партиясының ұстанымына сәйкес келмейді". Ол "партия басқа елдердің саясатына араласпайтынын" баса атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: