ZHEIF-2023: «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары марапатталды
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Атап айтсақ, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша «Энерджи Тараз» ЖШС, «Аgro green Technology» ЖШС, «Tay-company» ЖШС марапатталса, «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясына «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС, «Korkem-ai cosmetic» ЖК, «Сарысу» ЖК ие болды.
Ал «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясына «АулиеАта-Феникс» ЖШС, «Сарыбас» ЖК, «Пышка» ЖК лайық деп табылды.
Сонымен қатар «Made in JAMBYL» номинациясы бойынша «Talas Investment Company» ЖШС, «Ellin shoes» және «Ас көп» компаниялары жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, биыл тоғызыншы рет Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен өткен байқауға Жамбыл облысының 150 тауар өндіруші компаниясы өз тауарларын ұсынды, оның ішінде 40 тауар өндіруші «Бір ауыл бір өнім» жобасы аясында қатысты.



