Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР премьер-министрі UNFPA басшысына Қазақстандағы жастарды қолдау шаралары туралы баяндап берді

ҚР премьер-министрі, БҰҰ, UNFPA атқарушы директоры Наталия Канем, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 09:41 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен БҰҰ бас хатшысының орынбасары, UNFPA атқарушы директоры Наталия Канеммен кездесуінде Қазақсанның әлеуметтік саласын, оның ішінде білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, жастарды қолдау жөніндегі бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлихан Смайылов  Қазақстан үкіметі БҰҰ-мен, атап айтқанда, әлеуметтік салада халықаралық озық тәжірибелер мен дағдыларды іске асырумен айналысатын Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен (UNFPA) қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті.

"Бұған жастарды қолдау, гендерлік теңдік және әлеуметтік институттарды дамыту саласындағы қызметке жоғары баға берілген БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобының 2022 жылға арналған қызметі туралы есебі дәлел бола алады. Бұл біздің өзара жемісті іс-қимылымыздың тікелей нәтижесі екенін атап өткім келеді", — деді Премьер-министр.

Мәселен,

  • 1 қаңтардан бастап азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету қажеттілігін анықтауға көмектесетін Отбасының цифрлық картасы енгізілді.
  • Е-Денсаулық бірыңғай платформасы аясында денсаулық сақтау жүйесін толық цифрландыру жүргізілуде.
  • Ауылдық денсаулық сақтауды кешенді жаңғырту басталды, бұл 4 млн ауыл тұрғынына медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 600-ден астам дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады, осы жылдан бастап 32 ауданаралық аурухананы жаңғырту басталады.
  • Жастар саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.

Өз кезегінде Наталия Канем Қазақстанның соңғы жылдары әлеуметтік саланы дамытуда қол жеткізген жоғары нәтижелерін атап өтіп, UNFPA жаңа бастамаларды жүзеге асыруда республикаға көмек пен техникалық қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екенін растады.

"Біз Үкіметтің жастарды, әсіресе, республика бойынша ашылған жастар денсаулық орталықтарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі күш-жігерін құптаймыз. Бұл тамаша жетістік, озық тәжірибенің үлгісі, біз бұл туралы Алматыда сөзсіз айтатын боламыз, онда әлемнің түкпір-түкпірінен UNFPA-ның 200-ден астам көшбасшысы жиналады. Осы тұрғыда өмірлік дағдыларға негізделген білім беру тұжырымдамасының маңыздылығын да атап өткім келеді, UNFPA атқарушы директоры Наталия Канем", — деді Наталия Канем.

Бұған қоса ол UNFPA оны қолдауға дайын екенін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: