ҚР премьер-министрі кен орындарын игерудің тиімділігін арттыруды тапсырды

ҚР Премьер-министрі, тау-кен кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 09:00 Сурет: primeminister.kz
6 сәуір күні үкіметте тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшының ресми ақпараттық ресурының жазуынша, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды.

Талқылау барысында Премьер-министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: