Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР премьер-министері тау-кен металлургия саласы бойынша нақты ұсыныстар беруді тапсырды

Тау-кен металлургия саласы, ҚР үкіметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 09:31 Сурет: primeminister.kz
2 наурыз күні ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов уәкілетті ведомстволарға тау-кен металлургия саласы бойынша бизнес өкілдері көтеретін түйткілді мәселелер бойынша шараларды пысықтауды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тау-кен металлургия компаниялары қызметінің және саланы дамытудың бірқатар өзекті мәселесі қаралған кеңеске қатысушылар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, перспективалы кен орындарын игеру және шикізат пен отынды тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту жоспарларын талқылады.

Сонымен қатар теміржол тасымалына тариф белгілеу, өнім экспортын ұлғайту, өнеркәсіп нысандарын газбен қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселе қозғалды.

Кеңеске "Қазақстан темір жолы" және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Смайылов келесі кеңесте нақты ұсыныстар беруді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: