Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде орман өрті 55% жағдайда найзағай разрядтарынан тұтанған

Елімізде орман өрті 55% жағдайда найзағай разрядтарынан тұтанған, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 12:02 Сурет: ҚР ТЖМ
Ал 12 өрт жағдайы тұрғындардың кінәсінен болған. Бұл туралы 16 мамырдағы үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы - 30,9 млн гектар. Оның 25,2%-ы (7,79 млн.га) Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында, ал қалған 73,7% – ы (22,8 млн. га) әкімдіктерге жүктелген.

"2022 жылы республиканың мемлекеттік орман қорының аумағында 104,5 мың га алқапта 801 орман өрті болды. Оның ішінде орманды алқап алаңы 49,9 мың га болды (келтірілген залал 20,6 млрд.теңгені құрады). Орман өрттерінің 801 жағдайының 444 жағдайы немесе 55%-ы найзағай разрядтарынан, 127 жағдай немесе 15%-ы дала өрттерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауысқанының нәтижесінде пайда болды (тұрғындар кінәсі-12, орман пайдаланушылар-1, басқа ұйымдар мен кәсіпорындар-9), анықталмаған себептерден 208 жағдай немесе 26%-ы туындады", - деді министр.

Сонымен қатар Қостанай (42,9 мың га, оның ішінде 33,8 мың га орманды алқап), Алматы (16,0 мың га, оның ішінде 3 мың га орманды алқап), Қарағанды (17,8 мың га, оның ішінде 1,6 мың га орманды алқап) Шығыс Қазақстан (15,8 мың га, оның ішінде 8,2 мың га орманды алқап) облыстарында, соның ішінде «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығында (Ақмола және Қарағанды обл.) 14,3 мың га (ормансыз алқап), «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында (Алматы обл.) 15,2 мың га (ормансыз алқап), «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде (Шығыс Қазақстан облысы) 1,6 мың га орман және табиғат қорғау мекемелерінің аумағында үлкен алаңдарда орман өрті болған. 

Министр ірі орман өртінің таралуының негізгі себебі ретінде мыналарды атады:

  • орман иеленушілердің бастапқы кезеңде өрттерді сөндіру бойынша уақтылы шаралар қабылдамауы;
  • өртті сөндіру үшін шалғай, қол жетпейтін (батпақты және таулы) жер болуы;
  • дала өрттерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне көшуі;
  • орман күзетінің техникамен және жабдықтармен әлсіз жарақтандырылуы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: