Жаңалықтар тізбегі
0

Наурызда солтүстікте жауын-шашын нормадан артық түседі

Наурызда солтүстікте жауын-шашын нормадан артық болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 10:51 Сурет: pixabay
Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова наурыз айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын.

"Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, ШҚО, Жетісу облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстік - шығысында 1°- қа жоғары болады деп болжанды", - деді министр "Қазгидромет" РМК ақпаратын келтіріп.

Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрі наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, батыста, оңтүстік-батыстың жекелеген аудандарында және ҚР солтүстігінде нормадан артық болжанғанын мәлімдеді.

"Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап гидрологиялық болжам апта сайын ұсынылады. Гидрометеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" РМК су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала 2-3 тәулік бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шаралар ұйымдастыру үшін жолдайды", - деді Зүлфия Сүлейменова.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: