Жаңалықтар тізбегі
0

Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі болды

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 10:21 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек өтілі: 

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

  • 2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
  • 2021 жылғы қаңтардан бастап VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
  • 2022 жылғы 14 наурызда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: