Нұрлан Құрмалаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

 ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 09:53 Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Нұрлан Құрмалаев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.

Білімі:

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

  • Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
  • 2015-2017 жылдары – "Astana Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.
  • 2018-2019 жылдары – "Самұрық Қазына" КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.
  • 2019-2021 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
  • 2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: