Алматының төрт ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

Алматы, Наурызбай ауданы, Бостандық ауданы, Алмалы ауданы, Әуезов ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 10:08 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Кадр мәселелері жөніндегі кеңес барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен лауазымдарға тағайындалған аудандардың жаңа әкімдерін ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап А. Егембердиев қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин болды. Тағайындалғанға дейін ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: