Қасым-Жомарт Тоқаев: Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдаланған жөн

Су ресурстары азайуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 11:10 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші "Орталық Азия – Қытай" саммитінде сөйлеген сөзінде тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орталық Азия елдерінің тұщы су тапшылығына ұшырау қаупі жоғары екені белгілі. 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам ауыз суға мұқтаж болуы мүмкін. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі. Сарапшылар біздің аймағымыздың тез жылынып бара жатқанын айтып отыр." Қасым-Жомарт Тоқаев

Климаттың өзгеруіне байланысты біздің аймақтың басты су көзі саналатын мұздықтар да күрт азайып барады. Осы жағдай Орталық Азияның азық-түлік, энергетика және экология қауіпсіздігіне едәуір қатер төндіреді.

Сондықтан бірлесіп шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет, -деп ойын жеткізді Қазақстан президенті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: