22 мамырда Қазақстанға Сингапур Президенті мен Италияның Премьер-министрі келеді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2023 11:35 Сурет: pixabay
Ақорда Тоқаевтың шетелдік көшбасшылармен кездесу кестесін жариялады. 22 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев екі кездесу өткізеді, 25 мамырда Мемлекет басшысы Мәскеудегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді.

Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қытайға мемлекеттік сапармен барып, онда Қазақстан Республикасының Сиандағы Бас консулдығының ашылу салтанатына, сондай-ақ "Орталық Азия-Қытай" саммитіне қатысты. Сонымен қатар, екі ел жалпы сомасы 22 млрд доллар болатын 47 құжатқа қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: