СІМ: Үндістандағы ШЫҰ саммиті онлайн режимде өтеді
Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
31 мамырда Сыртқы істер вице-министрі Қанат Тұмыш Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 23-саммитінің басты ерекшеліктерін жариялады. Шара 4 шілде күні онлайн режимде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
ШЫҰ-ның кезекті саммиті Үндістанның төрағалығымен 2023 жылғы 4 шілдеде өтеді. Негізгі қорытынды саяси құжат – Дели декларациясы болады
"Иранның ШЫҰ-ға толық форматты қосылуы Саммиттің ерекше шешімі ретінде көрініс табады. Иранның кіруі 3,2 млрд тұрғынды біріктіретін Еуразия аумағының 2/3 бөлігін құрайтын жауапкершілік аймағын кеңейтеді. Бұл жер бетіндегі халықтың 45%-ын қамтитын мәдениеті бай, жарқын дәстүрлері мен әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірін өндіретін экономикалық әлеуеті бар аймақты құрайды", – деді ол.
ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші Мұрат Мұқышевтың айтуынша, төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның күш-жігері өзара ынтымақтастықтың барлық бағыттарын – қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды теңгерімді дамытуға, сондай-ақ ШЫҰ қызметін жетілдіруге және оны жемісті ынтымақтастық үшін сенімді тұғырнама ретінде орналастыруға бағытталады.
"ШЫҰ бойынша 80-нен астам іс-шара өткізу жоспарланған. Соңғы іс-шара 2024 жылы Астанада өтетін ШЫҰ саммиті болмақ. Оның қорытындысы аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге, ұйым кеңістігінде гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше үлес қосады деп сенемін", – деді ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші.
Сондай-ақ Алматыға 2023-2024 жылдарға арналған ШЫҰ туристік-мәдени астанасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдау жоспарланғаны мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript