Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Орталық Азия мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын атады

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуі Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" басшыларының екінші кездесуінде сөйлеген сөзінде Орталық Азия мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Президенті бірінші бағыт ретінде тауар айналымын ұлғаютуды айтты.
"Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің аймақішілік экономикалық байланыстары сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Өткен жылдың өзінде Қазақстанның аймақ елдерімен саудасы 19 пайызға өсіп, 8 миллиард доллар болды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиардқа жеткізу міндетін қойдық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екінші. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

Орталық Азия "Қытай – Еуропа" бағыты бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 80 пайыздан астамы үшін өзіндік көпір саналады. Бұл ретте қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағыты стратегиялық маңызға ие болды. Бұл бағыт өңірлеріміз арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін едәуір арттыра алады.

"Жуырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапарымның аясында қытайлық серіктестерімізбен бірге Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасын қаладық. Бұл порт Орталық Азия территориясы арқылы Еуропаға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін маңызды хаб болмақ".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ екі ел Транскаспий бағытын Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыруға уағдаласқанын атап өтті.

Былтыр осы күре жол арқылы шамамен 1,7 миллион тонна жүк тасымалданғанын атап өткім келеді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Осылайша Президент Еуропалық одақтағы әріптестерін Каспий теңізіндегі бірге дамытуға шақырды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз