Тоқаев: Парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектеседі
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 маусым күні ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламент ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті, деп жазды Ақорданың ресми сайты.
"Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты", – делінген ресми ақпарда.
Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.
Кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript