Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 15:48 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 23 сәуірінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың экологиялық күн тәртібі мен тұрақты даму бағытындағы күш-жігеріне дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына жоғары баға берді.

Сонымен қатар Президент мемлекеттер арасындағы диалог, сенім мен түсіністікті күшейтуге септігін тигізетін құрал ретінде парламенттік дипломатияға айрықша мән беретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пере Жоан Понске елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформа жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, жаңа Конституция мемлекет институттарының орнықтылығын қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Пере Жоан Понс Өңірлік экологиялық саммитте қозғалған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Ол өңірлік күн тәртібін ілгерілету мен ортақ бастамаларды жүзеге асыру жолында Орталық Азия елдерінің жұмыла білетініне көз жеткізгенін айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, нәтижелі ықпалдастық жалғасын табатынына сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: