ҚР Парламенті Сенатының жаңа депутаты ант берді
Сурет: ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі
Жаңа депутат Әсем Рахметова 8 маусым күнгі Сенаттың жалпы отырысында ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол облыстық телерадиокомпанияны басқарды, телеарналарда редактор болды, сонымен қатар өңірдегі ішкі саясатпен айналысты. Соңғы жарты жылда Amanat партиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы қызметін атқарды.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін".Әсем Рахметова
2023 жылғы 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript