Мәжілісте жаңа депутат Дмитрий Легкий ант берді
Сурет: Facebook/legk.d
Мәжілістің жаңадан сайланған депутаты Дмитрий Легкий палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжілісте ол Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде жұмыс істейтін болады.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайту. Оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын. Маған сеніп тапсырылған депутаттық жоғары міндеттерді адал атқарамын, – деді Дмитрий Легкий.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан сайланған депутатты құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.
31 қазанда Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты болып тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript