Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысына қатысты – толық мәтін

Шетелдік инвесторлар кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 19:25 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысына қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, бүгінгі жиын Астана халықаралық форумымен тұспа-тұс келіп отырғанын әрі биыл Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрылғанына 25 жыл толғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн тәртібінде талқыланған мәселе – экономиканың цифрлық транформациясы.  Президент  геосаяси шиеленіс пен протекционизмнің қарқын алуы әлемдік экономиканы өзгеріске ұшыратып жатқанын атап өтіп, кез келген дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына назар аударды, делінген Ақорда хабарламасында.

"Орасан зор технологиялық серпін беретін «цифрландыру» осындай мүмкіндіктің бірі деп санаймыз. Цифрландыру қарқыны экономиканың дамуына зор ықпал етіп, бүгінгі күн тәртібінің бағыт-бағдарын айқындап берді. Жасанды интеллект, блокчейн, Интернет заттар (IoT) және Үлкен деректер (Big Data) секілді жаңа тұжырымдар мен технологияларды кең көлемде енгізу ауыл шаруашылығынан бастап қаржы саласына дейін барлық саладағы ойын ережесінің өзгеруіне алып келеді". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев


Шетелдік инвесторлар кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 19:25

Сурет: akorda.kz


Президент цифрландыру тұтас елдер мен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы факторға айналғанын баса атап өтті.

"2025 жылға қарай әлемдегі цифрлық нарық 50 пайызға артып, 6,8 триллион долларға жетеді деп болжанып отыр. Болжам бойынша 10 жылда әлемдегі тауар өндірісі мен көрсетілетін қызметтердің 70 пайызында цифрлық технологиялар қолданылады. Бұл үрдістің Қазақстан үшін аса маңызды екенін анық түсінеміз. Таяуда әлемдегі 62 ел Орталық Азияның орнықты дамуы үшін Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының цифрлық шешімдер орталығын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Мұны бізге артылған зор сенім және Қазақстанның әлемдік аренаға шығудағы маңызды кезеңі ретінде қабылдаймыз",  – деді Мемлекет басшысы.


Шетелдік инвесторлар кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 19:25

Сурет: akorda.kz


Президент, Цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес, Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында екенін және цифрлық ортаны дамыту тұрғысынан перспективті елдердің қатарына кіретінін айтты.

"2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті. Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе  ұлғайып, 333 миллион долларды құрады. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен біз одан әрі ілгерілей беруге ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Шетелдік инвесторлар кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 19:25

Сурет: akorda.kz


Сонымен қатар Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, "Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков, Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакава, CNPC компаниясының президенті Хоу Цзицзюнь, Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Уаэл Сауан, Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Найджел Хирн, Philip Morris International компаниясының ТМД және Орталық Азия бойынша президенті Марко Мариотти, "ЛУКОЙЛ" компаниясының бас атқарушы директоры Вадим Воробьев, Ernst&Young компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймақтары бойынша басқарушы серіктесі Джули Линн Тигланд, Air Liquide компаниясының бас атқарушы директоры Франсуа Жаков, Baker Hughes компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Лоренцо Симонелли, Microsoft корпорациясының Орталық және Шығыс Еуропа бөлімшесінің бас директоры Мишель Симмонс, Wabtec корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантана сөз сөйледі. 


Шетелдік инвесторлар кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 19:25

Сурет: akorda.kz


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: