Тоқаев Дэвид Ливингстонмен халықаралық қаржы институтының перспективаларын талқылады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Сitigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында халықаралық қаржы институтының еліміздегі қызметінің перспективалары талқыланды, делінген Ақорда хабарламасында.
Президент еліміздің қаржы секторындағы цифрлық трансформацияны дамыту ісіндегі компания басшысының күш-жігерін жоғары бағалады.
Дэвид Ливингстон Мемлекет басшысына былтыр Сitibank Kazakhstan Астана халықаралық биржасының Құнды қағаздар орталық депозитарийіне (AIX CSD) мүше болғанын жеткізді.
Оның айтуынша, бұл халықаралық институттық инвесторларға өз активтерін AIX депозитарийінде сақтауға мүмкіндік береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript