Абай облысында орман өртіне оранған аудан әкімі ауысты
Айдар Ибраев 1979 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Ақши ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Оның мемлекеттік қызметте де, мәдениет саласында да айтарлықтай тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 2000 жылы "Дидар" газеті редакциясында тілші болып бастаған. 2004 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында түрлі қызметтерді атқарған. Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдың қазан айынан бастап Абай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы.
Аймақ басшысының аудан активімен кездесуі бір минут үнсіздікпен басталды.
Нұрлан Ұранхаев жаңа әкімді таныстырып, облыстың экономикалық өсімін қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануды тапсырды.
10 маусымда Юрий Ильиннің Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды.