Зүлфия Сүлейменова әкесінің соттылығы туралы қауесетке жауап берді

Зүлфия Сүлейменова әкесінің соттылығы туралы қауесетке жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 17:27 Сурет: primeminister.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова әкесінің соттылығы туралы деректі үкімет сыртында растады. Бұған дейін бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері министрден әкесінің соттылығы туралы ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады. Зүлфия Сүлейменова жалған және тексерілмеген ақпарат көп екенін, шындыққа жанаспайтын мәліметтер бар екенін айтты.

"Осы тұста ақпаратты жарияламас бұрын екі рет тексерілгенін қалаймын. Әкеме қатысты айтсам, иә, іс болды, соттылығы жойылды. Мен мемлекеттік қызметке келген кезде бұл фактіні жасырмадым. Бұл туралы менің құжаттарымда көрсетілген", - деді ол.

14 маусым күні ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев мәжіліс алаңында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың әкесі сотты болуы мүмкін деген ақпарат Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық іс аясында тексерілетінін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: