Зүлфия Сүлейменова "әйел бақыты" туралы айтты
Сурет: primeminister.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова үкіметтегі кулуарда "әйел бақыты" ұғымын қалай түсінетінін айтып берді. Сонымен қатар ол сыйлық ретінде кітап бергенді ұнататынын және оқуға ұсынатын кітаптары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
8 наурыз қарсаңында журналистер министр Зүлфия Сүлейменовадан "Сіз үшін әйел бақыты деген не?" деп сұрады.
"Менің ойымша, бәрі әйел үшін не нәрсе бақыт болып есептелетініне байланысты. Өйткені бақыт әркім үшін әртүрлі. Біреу үшін бақыт ол - мансап, біреу үшін отбасы, біреу үшін бәлкім балалары. Әйелге қай нәрсе бақыт әкелсе, мен әрбір әйелге дәл сол нәрсені тілеймін", - деп жауап берді Экология және табиғи ресурстар министрі.
Сонымен қатар ол мерекеде жақындарына не сыйлайтынын білмейтінін айтты. Жұмыс істеп жүріп, мереке туралы ұмытып кеткенін бөлісті.
Бұл - өте қиын сұрақ. Өйткені мен бұл туралы ойланбадым. Жұмыс істеп жүріп, мереке туралы ұмытып кетіппін. Тіпті таңертең "Қандай мереке?" деп сұраппын. Өзім біреуден күтетін сыйлығым жоқ, себебі менде қалағанымның бәрі бар", - деді Зүлфия Сүлейменова.
Министр сыйлық ретінде кітап бергенді жөн көретінін айтты.
"Көбіне кітап сыйлаймын, оны сыйлағанды жақсы көремін. Оның үстіне ол бюджет жағынан да қымбат емес. Бірақ кітапты сыйламас бұрын әбден ойланып, адамға лайықтап таңдаймын. Туған күндерде, мерекелерде оқыған кітаптарымды сыйға беремін".Зүлфия Сүлейменова
Сөз соңында Экология және табиғи ресурстар министрі оқуға және сый ретінде беруге үш кітапты ұсынды. Олар: Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тері", Джаред Даймондтың "Коллапсы" және Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жарық пен көлеңке" кітабы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript