РФ-дағы ҚР елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Әскери төңкеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 10:30 Сурет: kazembassy.ru
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі қазақстандықтардан қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге байланысты Ресейдің Украинамен шектесетін шекаралас өңірлеріне барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өздеріңізден қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге байланысты Ресейдің Украинамен шектесетін шекаралас өңірлеріне бармауды сұраймыз. Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас өңірлерде жүрген барлық азаматтардан Ресейдегі Қазақстан елшілігінің консулдық есебіне тұруды сұраймыз (онлайн бойынша)", делінген РФ-дағы ҚР елшілігінің сайтында.

Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдаулар көрсетілетіні де нақтыланады.

Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігінің сенім телефоны: +7-925-897-71-14.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: