Руслан Желдібай: Тоқаев Ресейдегі шиеленісті жағдайға байланысты елдегі ахуалды бақылап отырды

Ресейдегі әскери бүлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2023 09:00 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше - 24 маусымда күні бойы мүдделі барлық ведомствоның басшыларымен жедел байланыста болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысы Ресейдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елдегі ахуалды бақылауға алып отырды.

"Мемлекет басшысы 25 маусымда таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысында аталған ведомстволардың тапсырмаларды орындау бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебін тыңдайды. Сонымен қатар Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды", делінген ҚР Президенті баспасөз хатшысының хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: