Жаңалықтар тізбегі
0

Саясаттанушы Ресейдегі бүліктің ықтимал себептерін атады

Вагнер, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2023 13:38 Сурет: РБК
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев 24 маусымда Ресейде болған әскери бүлікті талдауға тырысып, оның ықтимал себептерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясаттанушы Пригожин өзінің беделін асыра бағалап жібергенге ұқсайды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында. 

"Жұмадан сенбіге қараған түні ақылға қонымды шешімдер сирек қабылданады. Пригожин қоғам алдындағы өзінің тамылдығы мен Қорғаныс министрлігіне қатысты наразылығыны асыра бағалап жіберген секілді. Өзі солай болады, үнемі әлеуметтік желіде отырып, шын мәнінде, көшеде не болып жатқанын көрмеген кезде. Сонымен қатар, Путиннің ультиматумдарға жауап бермейтіні тарихтан белгілі". Данияр Әшімбаев

Саясаттанушы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі басшылығының шыдамдылығына тәнті болғанын жеткізді. 

"Ресей басшылығының шыдамдылық танытып, Вагнер коллонасын әуеден бомбалауға бел бумауы (барлау қызметтеріне олардың маршруттары бәсенеден белгілі еді), шынымен де мақтауға тұрарлық".

Саясаттанушының айтуынша, "бүлікке" себеп Кремльдің вагнершілерді қарулы күштердің құрылымына кіріктіру туралы қисынды шешімі болуы мүмкін.

Данияр Әшімбаев аталған оқиғаның болжамды үш сценарийін атады.

  1. Пригожиннің адамдарының бір бөлігін Беларуське "лақтырып", содан кейін олар Львовқа немесе Киевке шабуыл жасауы керек болған шығар.
  2. Украина Қарулы күштерін ойластырылмаған әрекеттерге арандату, содан кейін оларға шабуылдау.
  3. Путинге саяси алаңды тазалап алу үшін карт-бланш ұстату.


"Мүмкін, бұл арада ешқандай да сценарий болмаған шығар, шындығында тез қақпанға түсіп, бүлікші болып шыға келіп, Мәскеуге бірнеше мың содырымен шабуыл жасау - өз-өзін өлімге айдағанмен тең екенін ақырында түсінген Пригожиннің эмоцияға берілген кездегі шешімі болар". Данияр Әшімбаев

Айта кетсек, РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қозғалған қарулы бүлік туралы қылмыстық істің тоқтатылатыны, "Вагнер" ЖӘК-тің далалық лагерлеріне оралатыны, ал Евгений Пригожиннің өзі Беларусь еліне кететіні туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: