Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев мемлекет ішкі істер органдарының жұмысын әрдайым жоғары бағалайтынын еске салды

Тоқаев мемлекет ішкі істер органдарының жұмысын әрдайым жоғары бағалайтынын еске салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 12:57 Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде полицияға қатысты түрлі бейнежазба жариялап, адамдар қасақана арандатушылық жасайтынын мысалға келтірді. Бірақ бұл дөрекі әрекеттерге жол беруге себеп болмауы қажет.
"Сондай кезде ұстамдылық танытып, дөрекі әрекеттерге жол бермеу өте маңызды. Тәртіп сақшысы сауатты сөйлеп, өзін лайық ұстауы қажет. Полиция қызметкері заңдарды анық білуге тиіс, яғни еліміздің заңдарын жұртқа қарапайым тілмен түсіндіруге дайын болуы қажет. Сонда ғана полиция мен халық арасында мызғымас келісім болады. Әрине, офицерлердің арасында кәсіби білікті, антына адал азаматтар көп. Сондай қызметкерлер өзгелерге, әсіресе, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп отыр. Осындай үздік қызметкерлерді қолдау қажет", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының сөзінше, ерлік көрсеткен офицер, сержанттар туралы жұрт білуге тиіс.


"Бұл – біздің тиісті министрліктің және жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті. Өздеріңізге мәлім, мемлекет ішкі істер органдарының жұмысын әрдайым жоғары бағалайды".Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: