Жаңалықтар тізбегі
0

Әкімдік робот техникасы чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады

Әкімдік робот техникасы чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 22:12 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Орал қаласында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов «Haileybury International First Championship – 2023» атты халықаралық роботтық техника чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті.

Аталмыш чемпионатты Алматы қаласының білім басқармасы, Дарын орталығы, Haileybury қазақ-британ мектебі ұйымдастырған болатын. Чемпионатта әр мемлекеттің және еліміздің үздік командалары бақ сынасқан. Байқауға Оқушылар сарайынан екі бірдей «HighTech», «Jaiq» командалары қатысып, нәтижесінде бес категория бойынша абсолютті чемпион атағын иеленді.

Кеше фантастика болған робот, роботтық техника осы жаһандану дәуірінде «ақылды» құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады. Бүгінде түрлі салада адамдар осы роботтардың көмегіне жүгінеді.

Қазіргі заман – роботтық техниканың заманы. Ең бастысы, бұл қазіргі кезде трендтегі салалардың бірі. Күнделікті өмірде барлық салада қолданылатын роботтық техниканың көмегімен келешекте жарқын өмір сүруге үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Нәтижесінде балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігі, логикасы мен жан-жақты ойлау қабілеті дамиды. Өткен айда ғана оқушылар сарайында «Сәби» қоры 28 000 000 теңгеге жаңа үлгідегі «Роботтық техника» кабинетін тарту еткен еді. Міне, нәтижесінде оқушыларымыз үлкен сайыстан жеңімпаз болып оралды, – деп қуанышын жасырмаған облыс әкімінің орынбасары оқушыларға сәттілік тіледі.

Топ бастап барған жетекші Нұрбол Мұсаұлының айтуынша, чемпионатқа бес мемлекеттен елу топ қатысқан.

Бұдан бұрын біз Астана қаласында өткен байқауда орталық Азия чемпионы атанып, кешегі Алматыда өткен халықаралық байқауға жолдама алған болатынбыз. Қазіргі таңда халықаралық байқауда да ірі командаларды артқа қалдырып, абсолютті чемпион атандық. «Орал қаласының оқушылары абсолютті чемпион деген хабарды естігенде өзіміздің үлкен екенімізді ұмытып, балаша қуандық. Еңбектің ақталғаны – үлкен жетістік, – дейді Нұрбол Мұсаұлы.


Әкімдік робот техникасы чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 22:12

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Еркін сипатта өткен кездесуде оқушылар жарыста алған әсерлерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Тамыз айында Қытай елінде өтетін халықаралық байқауға шақырту алған команда үлкен додада бақ сынауға пейілді. Сондай-ақ ізденімпаз оқушылар жаңадан шыққан құрылғының қажет екенін де жасырмады. Жас жеткіншектердің ұсынысын мақұлдаған облыс басшылығы халықаралық байқауға дайындауды облыстық білім басқармасына тапсырып, жаңа құрылғыны алып беруді қарастыратындықтарын айтып, өрендерді әр кез қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Емен-жарқын кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы чемпионат жеңімпаздарына алғысхат пен естелік сыйлықтар табыстады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: