Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына ресми түрде мүше болды

Шанхай ынтымастық ұйымы, ШЫҰ, Иран, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 17:09 Сурет: pixabay
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 4 шілдедегі онлайн отырысының қорытындысы бойынша Иран ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иранның ШЫҰ-ға кіруі ұйымға мүше елдердің онлайн саммит қорытындысы бойынша қабылдаған декларациясында айтылған.

"Мүше мемлекеттер Иран Ислам Республикасының ШЫҰ-ға толыққанды мүше мемлекет ретінде қабылдануының тарихи маңызына тоқталды. Сондай-ақ олар ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін Беларусь Республикасының міндеттеме меморандумына қол қоюының маңызын атап өтті", – делінген құжатта.

Осылайша, Иран Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірге ШЫҰ-дағы тоғызыншы мемлекет болды. Беларусь та ұйымға кіруге ниет білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: