Жаңалықтар тізбегі
0

KEGOC электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін жоспарланған мерзімде енгізбеді

KEGOC электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін жоспарланған мерзімде енгізбеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2023 18:14 Сурет: Zakon.kz
"KEGOC" АҚ жүйелік операторы нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының автоматтандырылған тетігі, яғни бағдарламалық кешен – Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жүйесін жоспарланған мерзімдерде пайдалануға енгізбеді.

Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестелерін оңтайлы жоспарлау процестерін құруға мүмкіндік беретін нақты уақыттағы электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы механизмінің жұмыс істеуі автоматтандыруға байланысты.

"Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясы нарығын реформалау бойынша салалық жұмыс жасады. Электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу бойынша заңнамалық нормалар қабылданды. Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы тетігі енгізілді", - делінген энергетика министрлігінің хабарламасында.

Бұл тетік елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шұғыл реттеуді талап ететін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, атап айтқанда:

  • электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмау;
  • өнімсіз делдалдарды қысқарту;
  • электр станцияларының техникалық мүмкіндіктері негізінде тәуліктік кестелерді қалыптастырудан тұтынушылардың нақты кестелеріне кету есебінен шектес энергия жүйелерімен шекарада электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайту;
  • жаңадан іске қосылатын генерациялау көздерінің жоғары тарифтерін және жұмыс істеп тұрған станциялардың тапшылығы мен ағымдағы тарифтері кезінде импорттық электр энергиясының бағаларын теңестіруді қамтамасыз ету, бұл болашақта ел өңірлері арасындағы электр энергиясына тарифтерді теңестіруге мүмкіндік береді.
"Айтылғандарды ескере отырып, бағдарламалық кешенді іске қосудың есепті мерзімін бұзғаны және бағдарламаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы "KEGOC" АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты", - делінген министрлік хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: