Жаңалықтар тізбегі
0

БАҚ пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты қайтсек нығайтуға болады

БАҚ пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты қайтсек нығайтуға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 19:20 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Таяуда дәл осындай тақырыппен Орал қаласында инклюзивті мемлекеттік саясат азаматтық қоғамның үлесі тақырыбындағы облыстық ХІ Азаматтық форумының аясында сессия ұйымдастырылды. Сессия жұмысына бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты.

"ҮЕҰ журналистердің көзімен. Неліктен бұқаралық ақпарат құралдары ҮЕҰ туралы жазбайды? Оларға қандай ақпарат жетіспейді? ҮЕҰ ақпараттық ілгерілету үшін қажет заманауи, маңызды құзыреттер. Журналистер мен ҮЕҰ ақпараттық серіктестік пе, текетірес пе?" деген сұрақтарға диалог түрінде екі тарап, жауап қатып, ойларын ортаға салды.

Батыс Қазақстан облысында 670 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 100-ге жуық қоғамдық бірлестік белсенді қызмет атқарып, түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестердің, консультативті-кеңесші органдардың құрамында және түрлі салаларда тиімді жұмыс істеп жатыр. 2023 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша 163 жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 227 млн теңге бөлінді. Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 5 салалық басқарма, Орал қаласы мен 12 ауданның әкімдігі жүзеге асырады.

Белсенді жұмыс істеп, халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге атсалысқан үкіметтік емес ұйымдарға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жыл сайын сыйақы тағайындап отыр. Былтыр аталған сыйақы белсенді қызмет атқарған 3 ұйымға берілсе, 2 үкіметтік емес ұйым алғаш рет өткізілген "Таңдау" сыйлығының иегері атанды.

Биыл Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру операторымен бірлесіп, 25 млн теңге көлемінде 3 жобаға конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Грант Батыс Қазақстан облысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ауыл жастарын қолдауға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтиды.

Кейінгі 4 жыл ішінде 21 үкіметтік емес ұйым жұмысы жоғары бағаланып, өңір республика бойынша жақсы нәтиже көрсеткен облыстардың қатарына енді.

БАҚ пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты қайтсек нығайтуға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 19:20

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам қалыптастырудағы маңызына тоқталған "Жайық Пресс" медиахолдингінің директоры Табылғали Сапаров ҮЕҰ өкілдерімен екіжақты бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Медиахолинг ҮЕҰ-дың маңызды жобалары мен жұмысын тұрақты насихаттап, ел жұртқа жеткізеді. Ал ҮЕҰ өкілдері де өз кезегінде жазылу науқаны кезінде газеттің таралымының көбеюіне белсенді атсалысқаны жөн.

"Арба тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы" ҚБ-нің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Батпақұлова бірнеше жыл бұрын өзінің жазатайым жағдайға тап болып, "Арба" қоғамдық бірлестігін ашар кезде қолдау көрсеткен ел ағалары Табылғали Сапаров, Серік Сүлейменов, Нариман Төреғалиевтің қайырым істері туралы естеліктерін бөлісті.

БАҚ-пен жұмыстың әлсіздігін алға тартқан БҚО ҚХА "Журналистер клубының" төрағасы Асыланбек Ғұбашев үкіметтік емес ұйымдарды өз жұмысына деген халықтың, журналистердің қызығушылығын оятуы үшін елді елең еткізер пайдалы істер істеуге шақырды.

Сессияда санда бар, сапада жоқ үкіметтік емес ұйымдар болмауы үшін мемлекеттік сатып алу заңына өзгеріс енгізу қажет екені туралы айтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: