Тоқаев Мысыр президентін құттықтады

Мысыр, Қазақстан, құттықтау жеделхаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 17:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілде күні Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисиді және Мысыр Араб Республикасының барша халқын ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

"Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мысыр арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді", – делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: