Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет: Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады

Үкімет: Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 12:13 Сурет: Түркістан облысы әкімдігі
Биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 шілдеде премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен үкіметте өткен жедел кеңесте Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі қалыптан тыс ыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуалдың ауқымы мен мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары талқыланды.

"Бәйтерек" холдингі, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады. Биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінеді.

"Ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді, соның ішінде құрғақшылықтың салдарын жою құралдарының бірі – егін мен ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру. Ол мақсатта сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі субсидияланатын өсімдік және мал шаруашылығында 16 сақтандыру өнімі жұмыс істейді", - делінген үкімет хабарламасында.

Сақтандыру сыйлықақысы 1,6 млрд теңге болды, оның 1,3 млрд теңгесі субсидияланды. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 5,9 млрд теңге қаражаттың тек 2,4 млрд теңгесі ғана игерілді.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "Қазагроқаржы" АҚ зардап шеккен шаруаларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыруға көмектесуі керек", - деді Серік Жұманғарин.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: