Астанада әл-Фараби даңғылы жартылай жабылды

Астанада әл-Фараби даңғылы жартылай жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 12:28 Сурет: Zakon.kz
4-7 тамыз аралығында әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Досмұхамедұлы көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылында жол жөндеуді бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Осыған байланысты 4-7 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: