Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев қыркүйекте жасайтын жолдауында қандай мәселе көтеретінін айтты

Тоқаев қыркүйекте жасайтын жолдауында қандай мәселе көтеретінін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 14:23 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына жолдауында қандай мәселеге тоқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жолдауда елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлағанын атап өтті:

"Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін. Үкіметтің міндеті – тиісті ұсыныстар беру. Бұл – бірінші. Екіншіден, осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру. Бірақ мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын", – деді Президент.

Бұл ретте Мемлекет басшысы жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткізіп, отандық экономистерді сынға алғанын еске салды.

"Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты. Мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын. Біз еліміздің экономикалық дамуына тың серпін беруге бағытталған осы өте маңызды жұмысқа бірге кірісуіміз керек", – деп түйіндеді сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 9 тамыз күні Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Қазақстан халқына шыдамдылық пен түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: