Жаңалықтар тізбегі
0

Президент қазақстандықтарға шыдамдылық пен түсіністік үшін алғыс айтты

Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығы жөнінде: Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 13:14 Сурет: akorda.kz
9 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына аттанды. Ол алдымен Екібастұз жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, жағдай күрделі.

"Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл үкімет пен барлық әкімдердің міндеті екенін қосты.

"Бірақ бұл шыдамдылық пен түсіністіктің де шегі бар. Сондықтан біз шаралар қабылдаймыз". Қазақстан президенті

2022 жылдың 27 қарашасында Екібастұзда жылу және ыстық су кең көлемде тоқтатылды.

Сәуірдің 5-і күні Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев апатқа адам факторы себеп болғанын айтты.

Маусымның 13-і күні Екібастұз ЖЭО сотта әкімдікке жеңілді, енді 22 миллион теңгені мемлекетке қайтаруы керек. Бұл төтенше жағдай кезінде Екібастұзды суықтан аман алып қалған жұмысшылардың жанар-жағармайына, жатын орны мен тамағына жұмсалған қаланың төтенше резервіндегі ақша болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: