Әлібек Бақаев Қазақстанның Аустрия Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды
Сурет: akorda.kz
Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы тұрақты және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
ҚР премьер-министрінің бұрынғы орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript