Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мектептері жаңа оқу жылына дайын ба

Алматы мектептері жаңа оқу жылына дайын ба, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 17:57 Сурет: Zakon.kz
Алматыда мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапарымен Наурызбай ауданына барып, "Ақжар" шағын ауданындағы № 200 мектеп-гимназияның мысалында алдағы оқу жылына дайындықпен танысты.

Мектеп ғимараты жазғы демалыс кезінде жөнделді. Атқарылған жұмыстың басты нәтижесі кітапхананы молернизациялау болды. Ерболат Досаев кітапхананы аралап көрді әрі алматылық оқушылар үшін 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейтін Kitap.kz онлайн платформасының қолжетімділігін тексерді. Жаңа үлгідегі кітапханада кітап қорын кеңейтуден және техникалық жарақтандырудан басқа оқушылардың шығармашылық дамуы үшін ыңғайлы алаңдар құрылды.

Айта кетейік, Алматының 200-ден астам мемлекеттік мектебінде жаңа форматтағы кітапханалар жұмыс істейді. Жөндеу жүргізу барысында барлығы 100% қамтылады.

"Мектеп жаңа оқу жылына толық дайын. Барлық оқушы оқулықтармен қамтамасыз етілген. Балаларды қабылдауға 66 оқу сыныбы, 150 орындық заманауи асхана және 2 спорт залы, зертханалық кабинеттер әзірленді. Мектепте барлығы 2200 бала оқиды. Ғимарат ішіндегі және іргелес аумақтың периметрі бойынша қауіпсіздік үшін 47 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді", - деді мектеп-гимназия директоры Айнұр Нұрымқызы.

Мегаполис әкімі акт залы мен асханаларға барып, мектеп басшылығының балалардың сапалы және теңгерімді тамақтануының маңызына назарын аударды.

Еске салсақ, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Алматыда 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар аз қамтылған отбасылардан шыққан барлық оқушы оқу сыныбына қарамастан тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: