Президент елімізде өзен суларының лайлануы жиілеп кеткенін айтты

Президент елімізде өзен суларының лайлануы жиілеп кеткенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 16:49 Сурет: pexels
Қасым-Жомарт Тоқаев сапары барысында Алматыдағы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі туралы да айтты. Оның айтуынша, еліміздегі ең басты сын-қатердің бірі – сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Тәжірибе көрсеткендей, Алматыда да бұл тұрғыда жағдай мәз емес.

Президенттің айтуынша, шаһарда судың үздіксіз берілуіне кедергі келтіретін апатты жағдайлар тым жиілеп кетуі сумен қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды кезек күттірмей шешу қажет екенін көрсетеді. Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі кезде сел жүріп, өзен суларының лайлануы жиілеп кеткені алаңдаушылық туғызатынын айтты.

Соның салдарынан шілде айының соңында коммуналдық қызметтер қаланың жоғарғы бөлігіндегі аудан тұрғындарына су беруді шектеуге мәжбүр болды. Медеу ауданындағы 50 көппәтерлі үй мен 4 мыңнан астам жеке тұрғын үй сусыз қалды. Бұл тұрғындардың орынды наразылығын туғызды. Президент еліміздің ең үлкен шаһарындағы су шаруашылығын ретке келтіру үшін атқарылуға тиіс негізгі міндеттерді айқындап берді.

Атап айтқанда, үкімет пен қала әкімдігіне мердігерлердің кінәсінен кешіктірілген Қарғалы су жинақтау нысанын биыл қазан айының соңына дейін пайдалануға беру; қаланың су шаруашылығына толық тексеріс жасау және Алматының жоғарғы бөлігін сумен толық қамту үшін жерасты су көздеріне гидрогеологиялық барлау жүргізу, сонымен қатар "Балқаш" станциясындағы резервуар мен төрт скважинаның құрылысын аяқтау міндеттері жүктелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: