МАЭК биыл жылыту маусымына дайын ба
Сурет: Zakon.kz
Бүгінгі үкімет отырысына Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қатысты. Үкімет кулуарында ол журналистердің "МАЭК жылыту маусымына дайын ба?" деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) өңірдегі өндіріс аймақтарын және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Биыл жазда МАЭК-те ақаулар болып, ол істен шықты. Осыған байланысты халық "Қыста жылусыз қалмаймыз ба?" деп алаңдайды. Журналист вице-министрден "МАЭК биылғы жылыту маусымына дайын ба?" деп сұрады.
"Жаман айтпай, жақсы жоқ. Назар аударып отырмыз. Облыс әкімі терең бақылауда ұстап отыр. Нұрлан Асқарұлы, сол кісінің орынбасарлары бар. Мекеменің басшыларымен күнделікті байланыстамыз. Сондықтан біздің барлық жұмысымыз мынау Ақтау өңірінде, Жаңақалада орналасқан. Өйткені МАЭК Маңғыстау өңіріне өте жақын. Маңызды станция. Кішкене түшкіріп қойсақ, мұнай сегментіне де әсер етеді. Сондықтан өзіміздің жоспарымыз, мақсатымыз бар. Соны орындаймыз". Жандос Нұрмағанбетов
"Демек, жылыту маусымында ақау болмайды, солай ма?" деп нақтылады журналистер.
"Соған сенгім келіп отыр. Тырысамыз", - деп жауап берді вице-министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript