Жылыту маусымына барлық мектеп пен аурухана дайын емес
Сурет: pixabay
22 тамызда өткен үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Қазақстандағы мектептер мен ауруханалардың жылу беру маусымына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ілияс Оспанов барлық әлеуметтік нысан жаңа жылыту маусымына дайын емес екенін баяндады.
"Білім беру нысандарының дайындығы - 88%, яғни 10 677 жоспар бойынша 9 399 нысан іс жүзінде дайын. Дайындықтың төмен көрсеткіші Маңғыстау (52,1%), Алматы (64,4%), Жамбыл (77,8%) облыстарынан байқалады. Оқу жылының басталуына бір аптадан аз уақыт қалғанын ескере отырып, аталған аймақтарда жедел шаралар қабылдау қажет", - деді вице-министр.
Министрліктің мәліметінше, жылу беру маусымына сол аймақтағы денсаулық сақтау нысандары да онша дайын емес.
"Денсаулық сақтау нысандары бойынша да жағдай осындай: дайындық - 88,6%, яғни 5661 нысанның бүгінде 5015-і дайын. Төмен көрсеткіштер Алматы (58,1%), Маңғыстау (68,6%) облыстары және Алматы қаласында (74,2%) байқалды", - деді вице-министр.
50 021 үйдің 37 555-інде (75,1%) дайындық аяқталды. Маңғыстау (26,1%), Алматы (61,4%) облыстарында және Шымкентте (68,5%) тұрғын үйдің дайындық деңгейі төмен.
Министрлік өкілі әкімдіктерді қыркүйек айының соңына дейін жылу желілеріндегі жөндеуді аяқтап, білім беру нысанының толық дайындығын 1 қыркүйекке дейін қамтамасыз етуге, ал 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қорын дайындауға шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript