Қазақстан үкіметі жаңа мектептер салуға 2,4 трлн теңге жұмсайды
Сурет: Zakon.kz
Үкімет "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады. 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді. Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.
Үкімет 2022 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды тапсырғанын еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев әр қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайық жағдай жасалуы керек екенін айтқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript