Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да 160 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды – "Жер аманаты"

Шығыс Қазақстандағы білім ошақтарының құрылысы AMANAT партиясының бақылауында, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 15:09 Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
Өңірлерде "AMANAT" филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары жалғасып жатыр. Бүгін партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының XXXI конференциясы өтті.

Делегаттар партияның аудандық және облыстық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамын бекітті. Осылайша, 1 қалалық және 10 аудандық филиалдардағы Саяси кеңестердің құрамына 82 адам кірді. Биыл аталған кеңестердің құрамы 63%-ға жаңарды. Оның 16%-ы – жастар, 34%-ы – әйелдер.

Өз кезегінде, "AMANAT"-тың Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.

AMANAT партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 15:09

Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

"Былтыр облыстық комиссия "Жер аманаты" жобасы аясында 100 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарса, жыл басынан бері тағы 61,3 мың гектар жерді қайтарып алды. Биыл Ұлан ауданы Гагарино ауылы мен Алтай ауданы Северное ауылы тұрғындарының өтініші бойынша партияның араласуымен жайылымдық және шабындық жерлерді қайтару мәселесі оң шешімін тапты", – деді ол.

Ал Шығыс Қазақстан облысының мәслихатындағы "AMANAT" депутаттарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде партияның депутаттық фракциясының жетекшісі Тұрарбек Әзекенов баяндады.

AMANAT партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 15:09

Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

"2027 жылға дейін 6,8 мың оқушыға арналған 17 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінде Өскемен қаласында 600 орындық, Зайсан қаласында 300 орындық, Шемонаиха қаласында 300 орындық және Шеңгелді ауылында 100 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Депутаттық бақылаудың нәтижесінде "Омбы-Майқапшағай" жолы жөнделді", – деді ол.

Осы күні "AMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек өңірдегі белсенді жастармен, жас спортшылармен кездесті. Балалар мен ересектерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында "AMANAT"-тың өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 13 спорт нысанын, оның ішінде 3 GYM орталығын, 3 спорт модулін және 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделді. Сонымен қатар, 100 мыңнан астам бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатыса алады.

AMANAT партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 15:09

Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Атқарушы хатшы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен әңгімелесіп, БПҰ саяси белсенділіктің өзегі әрі қозғаушы күші саналатынын атап өтті.

"Бүгінде "AMANAT"-тың 800 мыңнан астам мүшесі 4 мың бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Шын мәнінде, олар – саяси ұйымымыздың негізі. Дәл сол ортада азаматтар партия қатарына қабылданады және қоғамда партияның құндылықтарын ілгерілетуге қабілетті жаңа көшбасшылар қалыптасады. Екі жыл сайын қоғам белсенділерін анықтап, оның нәтижесінде партияның кадрлық резервін қалыптастыруды күн тәртібінен түсірмеу керекпіз. Партиялық ұйымдардың маңызды функцияларының бірі – жергілікті көшбасшыларды қолдау", – деді Дәулет Кәрібек.
AMANAT партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 15:09

Сурет: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: