Жаңалықтар тізбегі
0

Жайық ұстаздарына жүлде жауған Тамыз кеңесі

Жайық ұстаздарына жүлде жауған Тамыз кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 11:23 Сурет: БҚО әкімдігі
"Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында өткен Батыс Қазақстан облыстық тамыз кеңесіне өңір басшысы Нариман Төреғалиев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жумашев және педагогика саласының үздіктері, ардагерлері қатысты.

Жиында Н.Төреғалиев "Орта білім беретін үздік ұйым" байқауының жеңімпазы атанған Қаратөбе ауданы Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының директоры Мираш Утегалиеваға арнайы диплом мен 48 млн. теңгенің сертификатын тапсырды.

Облыс әкімінің Алғыс хатымен Ақжайық ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ директоры Бағдагүл Избасарова, Бәйтерек ауданы Камен ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидара Карткалиева, Жәнібек ауданы Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Абдолова, Тасқала ауданының Ақтау мектеп-балабақша-кешенінің әлеуметтік педагогы Гүлшара Айғалиева және т.б. барлығы 13 адам марапатталды.


Жайық ұстаздарына жүлде жауған Тамыз кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 11:23

Сурет: БҚО әкімдігі


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісіне зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп –интернат– колледжінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Шамур Тулеушов, "Орта білім беру ісінің үздігі" Құрмет дипломына Тасқала ауданы С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ география пәнінің мұғалімі Светлана Иргалиева, "Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі" Құрмет дипломына Теректі колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Индира Баймулдина ие болды.

Жайық ұстаздарына жүлде жауған Тамыз кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 11:23

Сурет: БҚО әкімдігі

Салтанатты шарада 2015 жылдан бастап Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырып келе жатқан республикалық "Жаңашыл мұғалім" байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Олар: Орал қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Арайлым Сейлева (Алғыс хат және 500 000 теңге) және Бәйтерек ауданы Новенькое орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ляйла Тулепкалиева (Алғыс хат және 250 000 теңге).

Жайық ұстаздарына жүлде жауған Тамыз кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 11:23

Сурет: БҚО әкімдігі

Сондай-ақ, "Leader TopIQ" республикалық байқауының жеңімпаздарында да түрлі марапаттар тапсырылды. Мәселен, "Үздік ұстаз" номинациясына Орал қаласы №20 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Айгүл Курмашева (Алғыс хат және 150 000 теңге), Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Шынар Байгуатова (Алғыс хат және 100 000 теңге), Жаңақала ауданы Жаңақала ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айсұлу Юсупова (Алғыс хат және 100 000 теңге) ие болды.

Жайық ұстаздарына жүлде жауған Тамыз кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 11:23

Сурет: БҚО әкімдігі

"Белсенді әкімші" номинациясы бойынша Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ мұғалімі Жаңылған Жаишева (Алғыс хат және 150 000 теңге) мен Жаңақала ауданы Жаңақала ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Тулепова (Алғыс хат және 100 000 теңге) марапат алды.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Бөкей ордасы аудандарынан екі оқушы, Орал қаласынан 4 оқушы және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 3 студенті жүлделі орындарға ие болды. Оларға 50 000, 70 000, 100 000 көлемінде ақшалай сертификаттар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде табысталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: