Тоқаев: Тәжікстанмен арадағы сауда-саттық көлемін 2 млрд долларға дейін арттыру жоспарланған
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның мамыр айында Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысы тәжік тарапымен болған кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында мәлім етті, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің айтуынша, биыл 6 айда қос елдің арасындағы тауар айналымы 500 миллион доллардан асқан. Бұл ретте өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Айта кетсек, 24 тамызда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript