Маңғыстауда вандализм жасаған шенеунік қызметінен кетті

Маңғыстауда вандализм жасаған шенеунік қызметінен кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 14:15 Сурет: Facebook/Манас Кошербаев
Маңғыстаудағы бірегей Ыбықты сай шатқалын қорлаған Ақтөбедегі зағиптар мәдениет үйінің басшысы өз еркімен арыз жазды. Оның өтінішіне қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты Ақтөбе облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алтынай Юнісова растады.

"Ақтөбедегі зағиптар мәдениет үйінің директоры Маңғыстау облысындағы вандализм оқиғасынан кейін қызметінен кетті. Ол өз еркімен арыз жазды", - деді Алтынай Юнисова.

Бірнеше күн бұрын ер адамның балға мен бұрағышпен ерекше шатқалдың жартасын қашап, жазу жазып жатқаны түсірілген видео тарады. Бұзақы Ақтөбедегі зағиптар мәдениет үйінің басшысы болып шықты. Ол Маңғыстауға қыдырып барған.

Күні кеше шенеунік тасқа жазылған дөрекі сөзді түзетпек болғанын айтып, кешірім сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: