Си Цзиньпин G20 саммитіне қатыспайтын болды
Сурет: flickr
Қытай төрағасы Си Цзиньпин осы аптада өтетін G20 саммитіне қатыспайды. Саммит өтетін Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Associated Press агенттігінің жазуынша, Қытай көшбасшысы екі ел арасындағы сыртқы саяси шиеленістерге байланысты Үндістанда өтетін G20 саммитіне қатыспайтын болған. Басылым қазіргі қытай-үнді қарым-қатынасын "мұздай" деп сипаттаған.
Саммитке Си Цзиньпиннің орнына Қытайдан премьер-министр Ли Цян қатысады. Журналистер бұл шешімнің себебін сұраған кезде, Қытай Сыртқы істер министрлігі Қытай билігі үшін G20 саммиті маңызды екенін және Қытайдың "барлық мүдделі тараптармен ынтымақтасуға" дайын екені жөнінде кезекті мәлімдемемен шектеліп, нақты жауап беруден бас тартқан.
Қытай мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас аумақтық дауға байланысты шиеленісіп кетті: қазір Үндістанның одақтық территориясы болып саналатын шекаралас Ладакх аймағынан Қытайдың да дәмесі бар. Жалпы алғанда, Қытай Үндістанның 90 мың шаршы шақырым жерін талап етіп отыр, ал Үндістан Қытай 38 мың шаршы шақырым үнді жерін тиісті негізсіз иемденіп алды деп мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript