Тоқаев Албания президенті Байрам Бегайды еліне шығарып салды

Қазақстан президенті, Албания президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 17:12 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президенті Байрам Бегайды еліне шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ресми сапары аяқталған Албания президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы ресми парақшасы.

Албания президенті Байрам Бегай 2023 жылғы 7 қыркүйек күні Қазақстанға ресми сапармен келді.

Қазақстан мен Албания президенттері кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Албания арасындағы серіктестіктің негізгі мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Тирана арасында тікелей әуе қатынастарын орнату мәселесін көтерді. 




Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: