Жаңалықтар тізбегі
0

Вера Ким Мәжіліс депутаты атанды

Вера Ким, Мәжіліс депутаты, ҚР ОСК Сурет: ҚР ОСК баспасөз қызметі
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 19 қыркүйекте Вера Кимді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен ведомство отырысы өтіп, онда "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.А. Кимді тіркеу туралы" қаулы қабылданды.

Нұрлан Әбдіров Вера Кимге белгіленген үлгідегі куәлік пен төс белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.

Вера Ким 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

  • 2003 – 2012 жылдар аралығында Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында, "Әлеуметтік-волонтерлік орталығы" жастар қоғамдық бірлестігінде, "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінде түрлі қызмет атқарды.
  • 2012 жылы - "Ұлттық волонтерлік желісі" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.
  • 2017-2021 жылдары - "Zhasproject" жастар корпусын дамыту жобасының үлестіру агенттігінің басшысы.
  • 2021 – 2023 (қаңтар) жылдар аралығында – "Amanat" партиясы атынан Мәжілістің VII шақырылым депутаты.

Айта кетсек, 31 тамызда Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі тоқтатылды. 4 қыркүйекте оның Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: